Йеменде үйлену тойы болып жатқан жерге әуеден соққы жасалды: 131 адам қаза тапты

© EPA/YAHYA ARHAB, архив

Йеменде үйлену тойы болып жатқан жерге әуеден соққы жасалды. Соңғы мәліметтер бойынша, 131 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі. 

Қаза болғандардың ішінде әйелдер мен балалар көп, ондаған адам жарақат алды. Оқиға дүйсенбі күні болған. Associated Press агенттігінің мәліметінше, әуе соққыларын Сауд Арабиясы басқаратын коалиция жасаған. 

Ал Йемен билігінің өкілі әуе соққыларының "қателіктен" жасалғанын мәлімдеді, олардың нысаны хуситтердің бүліншілік қозғалысының позициялары болуы керек еді. Кейін Сауд Арабиясының билігі жасалған соққылардың коалицияға қатысы болмағанын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама