ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қараша 2021 | 10:17
"Игра" шоуындағы дау: ТНТ арнасына қатысты іс қозғалды
TНT арнасына қатысты іс қозғалды. Тиісті шешімді Ресей ішкі істер министрлігі "Игра" шоуында әзілкеш Денис Дорохов "Камызяки" тобындағы әріптесін сүйгеннен кейін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МК сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәлімдемеде бұл істі Ресей Федерациясының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 6.21-бабы ("Кәмелетке толмағандар арасында дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттау") бойынша РФ ІІМ Тверь ауданына қарасты Ішкі істер департамент қызметкері қозғағаны аталған.
Дау туғызған эпизод 3 қазанда шықты. Көп ұзамай Ресей Мемлекеттік Думасының депутаттары прокуратураға жүгінуге ниетті екенін мәлімдеді.
Бұған дейін TНT арнасы "Игра" комедиялық шоуының көрсетілімі мен түсірілімі тоқтатылғанын хабарлаған болатын. Өндірістің тоқтатылуына коронавирусқа байланысты жағдайдың шиеленісуі себеп болғаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также