II Елизаветаны жерлеу рәсімі қай күні өтетіні белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
II Елизаветаны жерлеу рәсімі қай күні өтетіні белгілі болды Фото: instagram/theroyalfamily

Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаны жерлеу рәсімі дүйсенбі, 19 қыркүйекте Вестминстер аббаттығында өтеді. Бұл туралы Букингем сарайы Twitter-де хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаны жерлеу рәсімі дүйсенбі, 19 қыркүйекте Вестминстер аббаттығында өтеді. Бұл туралы Букингем сарайы Twitter-де хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Патшайымды жерлеу рәсімі 19 қыркүйекте таңғы сағат 11.00-ге жоспарланған. Королева Виндзор қамалының аумағындағы әкесі король VI Георгтың мемориалдық шіркеуінде жерленеді.

Жарнама
Жарнама

II Елизаветаны жерлеу күні Ұлыбританияда демалыс жарияланған.

Еске салайық, Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 8 қыркүйекте 96 жасында дүниеден өтті. 2022 жылы патшайымы II Елизаветаның тақта отырғанына 70 жыл толды. II Елизавета 1952 жылы 6 ақпанда әкесі король VI Георг қайтыс болғаннан кейін 25 жасында патшайым болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама