20 қыркүйек 2022 13:13

II Елизаветаны жерлеу рәсімі өтті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Ұлыбритания патшайымы II Елизавета Виндзор сарайындағы Әулие Георгий шіркеуіндегі қабірге жерленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания патшайымы II Елизавета Виндзор сарайындағы Әулие Георгий шіркеуіндегі қабірге жерленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Бірнеше сағатқа созылған жерлеу рәсімі барлық британдық телеарналардан көрсетілген. Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның мүрдесі салынған табыт Әулие Георгий шіркеуіндегі қабірге түсірілді.

Реклама
Реклама

Виндзор қамалы аумағындағы бұл шіркеуге корольдік отбасыдан шыққан адамдар жерленген, мысалы, Ұлыбритания королі VII Эдвард, Англия және Ирландия королі VIII Генрих, король VI Чарльз - марқұм II Елизаветаның әкесі. Оның күйеуі де Эдинбург герцогы ханзада Филипп былтыр дәл сол қабірде жерленген.

Жерлеу рәсімі Кентербери архиепископы Джастин Уэлбидің дұғасымен аяқталды. Лорд-камергер королева билігі біткенінің белгісі ретінде таяқшасын сындырды. 

Ұлыбритания патшайымын жерлеуге арналған көпшілік шаралар мемлекеттік Әнұранмен аяқталған.

Рәсімнің соңында монархтың тәжі, аса таяғы және билігі табыттан алынды - оларды III Чарльз тәж кию кезінде қабылдайды.

Еске салайық, Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 8 қыркүйекте кешке 96 жасында Шотландияның Балморал сарайында дүниеден өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram