10 қараша 2020 08:38

Илхам Әлиев халқына үндеу жасады: "Армения берілді"

Фото: © Reuters

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Таулы Қарабақтағы әскери қимылдың тоқтатылуына байланысты халыққа үндеу жасады. Мемлекет басшысының үндеуін AzTV көрсетті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Таулы Қарабақтағы әскери қимылдың тоқтатылуына байланысты халыққа үндеу жасады. Мемлекет басшысының үндеуін AzTV көрсетті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлиевтің айтуынша, Армения соғысты тоқтату туралы құжатқа қол қойып, берілгенін мойындады.

Реклама
Реклама

"Мәселенің әскери шешімі бар, бірақ мен мәселені саяси жолмен шешкім келді... Айтқанымдай болды: әскери кезең аяқталды, саяси мәселеге көштік. Біз үшін барынша тиімді құжатқа қол қойдық деуге болады, Пашинян амалсыз қалған соң қол қойды. Шын мәнінде бұл - жеңілісті мойындау, соғыста берілу", - деп келтірді Әлиевтің сөзін РИА Новости.

Әзербайжан президенті аймаққа ресейлік бітімгерлерден бөлек, түркиялық бітімгерлер де келетінін мәлімдеді.

"Ресейлік және түркиялық әскерилер болатын бітімгерлік орталық құрылады", - деді Әлиев.

Баку мен Ереван қарсы болмаса, ресейлік бітімгерлер Таулы Қарабақта бес жылға қалады. Кейін автомат түрде бес жылға ұзартылады.

Сондай-ақ тараптар әскери тұтқындар мен қайтыс болғандардың денесін бір-біріне қайтарады. Аймақтағы барлық экономикалық және көлік байланысы ашылады. 

Баку Таулы Қарабақтағы әскери қимылдарды тоқтату туралы келісім тарихи шешім және ұзақ жылдар бойы бейбітшілік орнатуға қол жеткізеді деп есептейді.

"Қақтығысты әскери-саяси реттеу ұзақ жылдар бойы бейбітшілікке, аймақтағы келісімге және қарсылық пен қантөгіске нүкте қояды деген сенімде екенімді айтуым керек", - деді Әлиев.

"Қарабақ қақтығысы - біздің аймағымыздағы, Еуразия кеңістігіндегі ең ұзақ қақтығыстардың бірі және оның бүгін аяқталып жатқаны, ең алдымен көпжылдық отарлаудан босатылған Әзербайжан халқы үшін тарихи жағдай", - деп атады Әзербайжан президенті.

Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей және Әзербайжан президенттерімен Таулы Қарабақтағы соғысты 10 қарашаға қараған түнде сағат бірде тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойғанын айтты. Енді аймаққа Ресей және Түркияның бітімгер әскері кіреді.

Таулы Қарабақта не болып жатыр?

Еске салайық, осы жылғы 27 қыркүйекте Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжал қайтадан өршіді. Бұл жолы мойындалмаған Таулы Қарабақ аймағында екі ел арасында қақтығыс басталды. Осы уақытқа дейін екі тараптан бірнеше әскер қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram