08 желтоқсан 2021 | 11:34

Илон Маск адамзатты көбеюге шақырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

SpaceX негізін қалаушы және Tesla бас директоры Илон Маск бала туу деңгейі төмен болғаны өркениетке ең үлкен тәуекел деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

SpaceX негізін қалаушы және Tesla бас директоры Илон Маск бала туу деңгейі төмен болғаны өркениетке ең үлкен тәуекел деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADbible басылымына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, миллиардер бала туу көрсеткішінің азаюына байланысты планета тұрғындарының азайып бара жатқанына алаңдап, бұдан да көп адам керек екенін айтады. Масктың айтуынша, қазір жер бетінде сегіз миллиард адам бар екеніне қарамастан, халық саны одан ары өспесе, онда өркениет "құлайды".

"Менің ойымша, өркениетке төнетін ең үлкен тәуекелдердің бірі - бала туу деңгейінің төмендігі. Көп адам планетада халық саны тым көп және адам саны бақылаусыз өсіп жатыр деп ойлайды. Алайда, керісінше. Адамдар көп бала тумаса, өркениет құлдырайды. Осы айтқаным естеріңде болсын", - деді миллиардер Wall Street Journal іс-шарасында.

Реклама
Реклама

Lancet басылымында жарияланған зерттеуде 2064 жылы жер шарындағы халық санының ең жоғары шегі 9,7 миллиардқа жетеді деп күтілсе, 2100 жылға қарай оның 8,8 миллиардқа дейін төмендейтіні айтылған. Бұл жер бетіндегі адамдардың жалпы санының соңғы ғасырларда алғаш рет азайғаны.

Портал мәліметінше, Жапония, Таиланд, Италия, Испания, Португалия, Оңтүстік Корея сияқты 23 елдің халқы 50 пайыздан аса қысқаруы мүмкін.

Маск өзінің алты баласы бар екені туралы айта отырып, ол үлгі көрсетуге тырысатынын түсіндірді.

"Мен жақсы үлгі көрсетуге және насихаттайтын нәрселерімді орындауға тырысамын", - деді ол.

Айта кетейік, миллиардер бірінші әйелі Джастин Уилсоннан бес ұл тәрбиелеп отыр, сонымен қатар Масктың бұрынғы құрбысы Граймстан X Æ A-Xii есімді ұлы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная