Илон Маск Қазақстанға Tesla ресми түрде келетінін жариялады

Фото ©REUTERS

Америкалық миллиардер Илон Маск Қазақстанға, Ресейге және ТМД-ның басқа елдеріне Tesla ресми түрде келетінін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Америкалық миллиардер Илон Маск Қазақстанға, Ресейге және ТМД-ның басқа елдеріне Tesla ресми түрде келетінін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз жақында Ресейде боламыз, ал Tesla Ресейге ресми барады. Бұл керемет болар еді. Сондай-ақ, Қазақстанға, ТМД елдеріне кеңінен қарау керек", - деді Маск ресейлік "Новое знание" марафонында бейне байланыс арқылы.

Сонымен қатар, ол Tesla Ресейді электромобиль шығаратын зауыттардың ықтимал орны ретінде қарастыратынын айтты.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Tesla Алматыда қызмет көрсету орталығын ашуы мүмкін екені хабарланған болатын. Tesla ресми сайтындағы картаға сүйенсек, сервис орталығы Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылы қиылысында орналасады.

2019 жылы Илон Қазақстанда электромобильдерге арналған қызмет көрсету орталықтары мен қуаттау станцияларын ашатынын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама