12 мамыр 2019 | 10:52

Илон Маск сот алдында жауап береді

© Autoweek

SpaceX компаниясының бас директоры Илон Маск 2018 жылы Тайландтың солтүстігіндегі Кхао Луанг (Тхам Луанг) үңгірінде құтқару операциясына қатысқан ұлыбританиялық дайвер Вернон Ансворт жайлы ар-намысқа тиетін сөздер айтқаны үшін 22 қазанда сот алдында жауап береді. Калифорния штатындағы Лос-Анджелес федералдық соты 10 мамырда осындай шешім қабылдады, - деп хабарлайды DW

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

SpaceX компаниясының бас директоры Илон Маск 2018 жылы Тайландтың солтүстігіндегі Кхао Луанг (Тхам Луанг) үңгірінде құтқару операциясына қатысқан ұлыбританиялық дайвер Вернон Ансворт жайлы ар-намысқа тиетін сөздер айтқаны үшін 22 қазанда сот алдында жауап береді. Калифорния штатындағы Лос-Анджелес федералдық соты 10 мамырда осындай шешім қабылдады, - деп хабарлайды DW

Миллиардер сот инстанциясын талап-арыздан бас тартуға көндіруге тырысқан, алайда онысы сәтсіз болған. 

Реклама
Реклама

Tesla фирмасының басшысы Twitter желісіндегі парақшасында өткен жылдың 15 шілдесінде Ансвортты "педофил" деп атады. CNN басылымына берген сұхбатында ұлыбританиялық Илон Масктың жасөспірімдерді құтқару операциясына қосылу әрекетін қабылдамады және америкалық кәсіпкердің әрекетін "пиар-ход" деп бағалады. 


Ол баларды құтқаруға арналған Масктың ұсынған шағын субмаринасында сынға алды.

Сол кезде SpaceX құрылтайшысының Twitter желісіндегі парақшасына 22,5 миллион адам жазылған еді. Вернон Ансворт өзіне айтылған сөздерді "заңсыз" екенін айтты. Ол өтемақы ретінде 75 мың доллар талап еткен. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная