Илон Маск Starship ғарыш кемесінің суретін жариялады

Американдық өнертапқыш, миллиардер Илон Маск SpaceX компаниясының жаңа аса ауыр зымыран тасымалдағышы Starship-ті таныстырды. Зымыранды құрастыру өндірісі Техас ғарыш алаңында өтті, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

Илон Маск Twitter-де зымыранның суреттерін жариялады және ол бұл жай ғана сурет емес, зымыранның шынында жасалғанын атап өтті.

"Ол арнайы сынама түрде тік көтеріліп ұшуға және қонуға арналған. Орбитаға ұшатын зымыран биіктеу және қаптамасы қалыңырақ болады", - деді өнертапқыш.

Реклама
Реклама

HI-News мәлімдеуінше, 118 метр зымыран Big Falcon Rocket деп аталған. Алдағы уақытта компания Falcon 9, Falcon Heavy мен Dragon сияқты зымырандарды Starship-пен алмастырмақшы. Жаңа зымыран 100 тонна жүк пен қатар жолаушыларды Марсқа тасымалдай алады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама