05 тамыз 2020 15:32

Илон Маск Tesla-ның жаңа түрін шығармақ

Фото: Legion Media

Tesla компаниясы Cybertruck электр көлігінің жаңа шағын түрін шығаруы мүмкін. Бұл туралы Tesla Motors және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илон Маск жаңа электр көлігінің нақты қашан шығатынын айтқан жоқ. Тек алдағы уақытта шығуы мүмкін екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

Cybertruck электр көлігінің жаңа шағын түрі еуропалық тұтынушыларға арналған. Себебі, Еуропада шағын көліктерге сұраныс жоғары екен. 

Осыған дейін америкалық кәсіпкер Automotive News басылымына берген сұқбатында Cybertruck көлігін әлем бойынша сатуды жоспарлап отырмағанын айтқан болатын. Ол бұл көлік Солтүстік Америка нарығына негізделгенін атап өткен еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram