ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 ақпан 2021 16:18
Илон Маск Twitter-ден шығуды ұйғарды
Кәсіпкер, Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск Twitter-парақшасын уақытша қолданбайтынын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Twitter-ден біраз уақытқа шығамын", - деді кәсіпкер парақшасында.
Маск бұл шешімінің және Twitter-ді пайдаланудан бас тартуының себебін түсіндірмеді.
Айта кетейік, Илон Маск - әлеуметтік желінің белсенді қолданушыларының бірі. Жиі хабарлама қалдырып, тіпті оқырмандарына жауапта береді. Ақтау тұрғынының Tesla-ны түсірген видеосын да Twitter арқылы бағалаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу