Илон Масктың құлаған спутниктері видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Илон Масктың құлаған спутниктері видеоға түсіп қалды Фото: facebook.com/sociedad.astronomia

SpaceX ғарыш компаниясының Starlink интернет-спутниктері Пуэрто-Рикодағы Кариб теңізі астрономдары қоғамына тиесілі камераға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Space-ке сілтеме жасап.

SpaceX ғарыш компаниясының Starlink интернет-спутниктері Пуэрто-Рикодағы Кариб теңізі астрономдары қоғамына тиесілі камераға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Space-ке сілтеме жасап.

Бір күн бұрын магниттік дауыл салдарынан компания 49 Starlink интернет-спутнигінің 40-қа жуығын жоғалтқан болатын. Құрылғылар табиғи құбылыс әсерінен істен шыққан.

3 минуттық видеода екі түрлі жарық көрсетілген. Олардың арасы шамамен 1 минут. Нидерландының спутниктерді бақылау жөніндегі маманы Марко Лангбрук бұл бір спутниктің екі бөлігі немесе бір орбиталық жазықтықтағы екі бөлек ғарыш кемесі болуы мүмкін екенін түсіндірді.

Жарнама
Жарнама

"Бір дәлел - орбиталық жазықтық Пуэрто-Рико үстінде және қозғалыс бағыты (SW-NE) сәйкес келеді", - деп жазды Лангбрук видеоны талдай отырып.

Оның айтуынша, құлаған сынықтар Starlink спутниктеріне тиесілі: спутниктердің Пуэрто-Рико үстінен ұшып өту уақыты сынықтардың видеоға түсіп қалған уақытымен сәйкес келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама