Индонезияда болған терактілерге қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды

© РИА Новости

Индонезия астанасында 14 қаңтарда болған терактілерге қатысы бар деген күдікпен полицейлер үш адамды ұстады, - деп хабарлайды BBC.

Телеарнаның мәліметінше, ұсталғандардың бірінің үйінен ДАИШ ұйымының туы табылған. Индонезия арнайы жасағының мәліметінше, соңғы жылдарда лаңкестік ұйымға қосылу мақсатында елден жүздеген адам кетіпті.

Еске салайық, Джакартада болған жарылыстардан 7 адам қаза тапқан еді. РИА Новости басылымының мәліметінше, 14 қаңтарда Джакартада алты жарылыс болған. Қалада жарылыс дыбыстарының естілгені айтылды.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама