Индонезияда болған терактілерге қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды

Индонезияда болған терактілерге қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды © РИА Новости

Индонезия астанасында 14 қаңтарда болған терактілерге қатысы бар деген күдікпен полицейлер үш адамды ұстады, - деп хабарлайды BBC.

Телеарнаның мәліметінше, ұсталғандардың бірінің үйінен ДАИШ ұйымының туы табылған. Индонезия арнайы жасағының мәліметінше, соңғы жылдарда лаңкестік ұйымға қосылу мақсатында елден жүздеген адам кетіпті.

Еске салайық, Джакартада болған жарылыстардан 7 адам қаза тапқан еді. РИА Новости басылымының мәліметінше, 14 қаңтарда Джакартада алты жарылыс болған. Қалада жарылыс дыбыстарының естілгені айтылды.

Жарнама
Жарнама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама