09 қаңтар 2021 17:30

Индонезияда 4 минуттан соң диспетчерлермен байланысы үзілген ұшақ іздестіріліп жатыр 

Pinterest/Stephen Crouch MTA ©

Индонезияның Sriwijaya Air авиакомпаниясының Джакартадан Понтианакқа ұшып бара жатқан ұшағымен байланыс жоғалды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индонезияның Sriwijaya Air авиакомпаниясының Джакартадан Понтианакқа ұшып бара жатқан ұшағымен байланыс жоғалды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл Boeing 737-500 лайнері. 

Реклама
Реклама

"SJ182 рейсінен ADS-B сигналы UTC уақыты бойынша 07.40.27-де жоғалды. Ұшақ Джакартадан Индонезиядағы Понтианакқа ұшып бара жатқан", - делінген хабарламада.

Бір минуттан аз уақыт ішінде ұшақ 10 мың футтан аса биіктік жоғалтқан. Оқиға лайнер Джакартадан шыққаннан кейін 4 минуттан соң болды.

Жергілікті газетте ұшақта 59 жолаушы, оның ішінде 5 бала мен нәресте бар екені жазылды.

Индонезия билігі іздестіру-құтқару операциясының басталғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram