22 қараша 2022 | 08:32

Индонезияда алапат жер сілкінісі болып, 162 адам қаза тапты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Индонезияның Ява аралында жер сілкінісі болып, 162 адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Индонезияның Ява аралында жер сілкінісі болып, 162 адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, 5,6 балдық жер сілкінісі Батыс Явадағы Чианджур қаласында 10 шақырым тереңдікте болған.

Жер асты дүмпулері ел астанасы Джакартадан шамамен 100 шақырым қашықтықта сезілген.

Реклама
Реклама

Индонезия астанасының көпқабатты ғимараттарынан адамдар эвакуацияланды.

Индонезия билігі жерасты дүмпулерінің қайталануы ықтимал екенін ескертіп, қаза болғандар саны артады деп болжап отыр.

Жер сілкінісі болған жерде халық тығыз қоныстанған, үйлер сапасыз салынған.

Жергілікті биліктің мәліметінше, құтқарушылар қираған ғимараттардан адамдарды эвакуациялауға тырысып жатыр.

Чанджур қаласы әкімшілігінің басшысы Герман Сухерман бұл табиғи апаттан кем дегенде 162 адамның көз жұмғанын хабарлады.

"Зардап шеккендер түрлі аудандардан келіп жатыр. 700-ге жуық адам жарақат алды", - деп атап өтті Сухерман.

Табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі ұлттық агенттік Чанджур аймағында ондаған ғимарат бүлінгенін, олардың арасында аурухана мен ислам мектеп-интернаты бар екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная