10 қаңтар 2021 17:14

Индонезияда құлаған ұшақтың қара жәшіктері табылды

©REUTERS

Апатқа ұшыраған индонезиялық Sriwijaya Air ұшағының қара жәшіктері табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Апатқа ұшыраған индонезиялық Sriwijaya Air ұшағының қара жәшіктері табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Индонезияның көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық комитетінің басшысы Соерджанто Таджахоно екі қара жәшіктің орналасқан жері анықталғанын айтты.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Индонезияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны белгілі болған. Ол Джакарта әуежайынан Понтианак қаласына қарай бет алып, төрт минут өткен соң радардан жоғалып, байланыс үзілген. Жергілікті биліктің мәліметінше, бортта 65 адам болған, оның ішінде 10 бала бар. Кейінірек ұшақтың қирандылары табылғаны хабарланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев апаттан қаза болғандарға байланысты Индонезия Президенті Джоко Видодаға Қазақстан халқының және өз атынан көңіл айту жеделхатын жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram