Индонезияда сүңгуір қайық экипажы қайғылы оқиға алдында әсерлі видео түсірген

Видеодан алынған

Индонезия Әскери-теңіз күштері жақында суға батып кеткен сүңгуір қайық экипажының әсерлі видеосын жариялады. Онда экипаж мүшелері жиналып ән салып отырғаны көрінеді. Видео қайғылы оқиғадан бірнеше апта бұрын түсірілген, - деп хабарлайды Republicworld.

Желіде жарияланған видеода экипаж мүшелері кеме капитандарымен бірге индонезиялық хит Sampai Jumpa әнін орындаған. Оның мағынасы "кездескенше" деп аударылады.

"Сені сағынуға дайын болмасам да, сенсіз өмір сүруге дайын емеспін. Саған бар жақсылықты тілеймін", - делінген басылым жазбасындағы өлең жолдарында.

Реклама
Реклама

Бұл жазба Әскери-теңіз күштері сүңгуір қайық корпусының командирімен қоштасу ретінде жасалғаны айтылады.

Айта кетейік, KRI Nanggala 402 әскери сүңгуір қайығы 21 сәуірде Бали маңындағы жаттығу кезінде байланысқа шығуын тоқтатқан болатын. 25 сәуір, жексенбіде сүңгуір қайықтың сынықтары табылып, кеменің бүкіл экипажы қаза болғаны жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама