10 қаңтар 2021 | 09:49

Индонезияда ұшақ апатынан кейін дене бөліктері, киім мен қирандылар табылды

Фото: ©REUTERS

Индонезиялық құтқарушылар жексенбіде таңертең Sriwijaya Air ұшағы апатқа ұшыраған Яван теңізінен адамдардың дене бөліктерін, киім мен металл қирандыларды алып шықты. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарламасын РИА Новости жазды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индонезиялық құтқарушылар жексенбіде таңертең Sriwijaya Air ұшағы апатқа ұшыраған Яван теңізінен адамдардың дене бөліктерін, киім мен металл қирандыларды алып шықты. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарламасын РИА Новости жазды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалдықтарды Ланканг және Лаки аралдары арасындағы құтқару және іздеу тобы тапқан.

Реклама
Реклама

Әскерилер ұшақтың сигналын гидролокациялық жабдықтың көмегімен анықтай алды, ол ұшқыштардың радардан жоғалып кеткенге дейінгі соңғы байланысқан белгілі координаттарға сәйкес келеді.

"Біз элиталық флот бөлімшесінен сүңгуірлерімізді бірден апат орнын анықтау үшін жібердік", - деп жазды агенттік Индонезия Қарулы күштерінің қолбасшысы Хади Тьяджантоның сөзін келтіріп.

©REUTERS

"Дене қалдықтары жағаға шығарылып, мәйітханаға жіберілді, онда оларды бұған дейін алынған туыстарының ДНҚ-сымен салыстырады", - деп жазды Джакарта құқық қорғау органының өкілі Омар Шахабтың сөзін Detik порталы.

Ал Sriwijaya Air басшысы, өз кезегінде, 26 жыл бойы қолданылып келген ұшақ ұшуға жарамды болғанын мәлімдеді. Ол ұшақ бір сағатқа кешігіп шыққанын, алайда оның себебі әуе кемесіндегі ақау емес, ауа райының нашарлығы екенін де атап өтті.

Құлаған Sriwijaya Air жолаушылар ұшағының бортында 62 адам болған. Boeing компаниясы Индонезиялық авиакомпаниямен байланыста екенін және қажетті көмек көрсетуге дайын екенін хабарлады.

Бұған дейін Индонезияда ұшып шыққанына 4 минут болған соң диспетчерлермен байланысы үзілген ұшақ іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram