Индонезиядағы жер сілкінісі: Қазір не болып жатыр
Индонезияда болған жер сілкінісі мен цунами құрбандары 1234 адамға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости.
Индонезияда болған жер сілкінісі мен цунами құрбандары 1234 адамға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін қаза тапқандардың саны 1,2 мыңнан асқаны хабарланған.
Жер сілкінісі мен цунамидің құрбандары Палу қаласындағы Бхайанкара ауруханасында.
© Reuters
Палудағы Балароа ауданының тұрғындары жер сілкінісінің салдарынан үйінді астында қалған заттарын алып жатыр.
Жер сілкінісінің салдарынан көліктер жер астына опырылып түсті.
Іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жер сілкінісі мен цунамиден зардап шеккен ер адам мейрамханадан эвакуацияланып жатыр.
Шығын көлемі әлі айтылған жоқ.
Baiturrahman мешіті цунамиден кейін қирап қалды.
Many people in #Palu sleeping outside because they're afraid of aftershocks. So are we. #IndonesiaEarthQuake #PrayForPaluDonggala pic.twitter.com/w2V4t4u7yj
— Bastian Hartig (@BastianHartig) 1 октября 2018 г.Айта кетейік, 28 қыркүйек таңертең Сулавеси аралының жағалауында, Палу қаласына жақын маңда магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Кейін осы ауданда магнитудасы 7,4-ке тең жер сілкінісі болды. Қалада цунами болып, биіктігі екі метрге жетті.