Индонезиялық Boeing 737-500 суға құлаған: қиранды табылды

Индонезиялық Boeing 737-500 жоғалып кеткен маңда теңізде ұшақ сынықтары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы СИНХУА агенттігі жергілікті телеарнаға сілтеме жасап хабарлады.

Индонезиялық Boeing 737-500 жоғалып кеткен маңда теңізде ұшақ сынықтары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы СИНХУА агенттігі жергілікті телеарнаға сілтеме жасап хабарлады.

БАҚ өкілдерінің хабарына қарағанда, Sriwijaya Air әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы суға құлаған, қиранды мен адам денелері табылды.

Бұған дейін Индонезияда ұшып шыққанына 4 минут болған соң диспетчерлермен байланысы үзілген ұшақ іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.

Реклама
Реклама

Джакартадан Индонезиядағы Понтианакқа ұшып бара жатқан ұшақ бір минуттан аз уақыт ішінде 10 мың футтан аса биіктік жоғалтқан. Оқиға лайнер Джакартадан шыққаннан кейін 4 минуттан соң болған.

Жергілікті газетте ұшақта 59 жолаушы, оның ішінде 5 бала мен нәресте болғаны жазылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама