01 қазан 2018 | 09:30

Индонезиялық диспетчер лайнердегі жолаушыларды құтқару үшін өмірін қиды

© thejakartapost.com

21 жастағы әуе диспетчері Антониус Гунаван Агунг Индонезияда болған алапат жер сілкінісі кезінде ерлік жасады, деп хабарлады The Jakarta Post.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

21 жастағы әуе диспетчері Антониус Гунаван Агунг Индонезияда болған алапат жер сілкінісі кезінде ерлік жасады, деп хабарлады The Jakarta Post.

Жігіт 28 қыркүйекте Сулавеси аралындағы Палу қаласының әуежайына кезекшілікке шыққан. Жер сілкінісі басталған сәтте Антониустың әріптестері өз өмірін сақтап қалу үшін жұмыс орындарын тастап қашқан.

Реклама
Реклама

Алайда жігіт бортта жүздеген жолаушысы бар Batik Air әуе компаниясының ұшағы ұшып кеткенше диспетчерлік орында отырған. Бұл кезде ұшып-қону жолағы жарыла бастапты.

Лайнер көкке көтеріліп кеткеннен кейін Антониус аман қалу үшін төртінші қабаттан секірген. Соның салдарынан бірнеше жері сынып, ішкі органдарына зақым келген.


Диспетчер соңғы сәтке дейін отырған мұнара. © Twitter

Диспетчерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Мамандар зардап шегушіні ауруханаға жеткізуге тырысты. Алайда ол тікұшақ келгенше қайтыс болды. Тірі болса Антониус 22 жасқа толар еді.


© Twitter

Айта кетейік, 28 қыркүйек таңертең Сулавеси аралының жағалауында, Палу қаласына жақын маңда магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Кейін осы ауданда магнитудасы 7,4-ке тең жер сілкінісі болды. Қалада цунами болып, 832 адам қаза тапты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная