Ирак 45 жылдан кейін алғаш рет "Жаһан аруы" байқауына өз сұлуын қатыстырмақ

Ирак 45 жылдан кейін алғаш рет "Жаһан аруы" байқауына өз сұлуын қатыстырмақ © instagram.com/sarahidan

45 жылдан кейін ал?аш рет Ирак с?луы Лас-Вегаста ?тетін "Жа?ан аруы" бай?ауына ?атыс?алы жатыр, - деп хабарлайды SHAFAQ News.

45 жылдан кейін алғаш рет Ирак сұлуы Лас-Вегаста өтетін "Жаһан аруы" байқауына қатысқалы жатыр, - деп хабарлайды SHAFAQ News.

Бұл байқауға Ирак атынан 27 жастағы Сара Айдан аттанады. Ол Бағдадта өткен сұлулық байқауында екінші орын иеленген екен. Ал бірінші орыннан көрінген сұлудың тұрмыста екені анықталып, ол конкурстан шеттетілген болатын. 

Реклама
Реклама

Соңғы рет Ирак сұлуы "Жаһан аруы" байқауына 1972 жылы ғана қатысқан екен. Ол кезде Пуэрто-Рикода өткен байқауға Вайдан Сулейман қатысқан. 

"Жаһан аруы" - жыл сайынғы сұлулар байқауы. Бұл конкурсқа ұлттық іріктеуден өткен арулар қатысады. Байқау жеңімпазымен бір жылға келісімшарт жасалады. Осыдан кейін ол жарнамалық науқандарға қатысып, әлем елдерін аралайды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама