Иракта 13 жастағы лаңкес жарылғыш затты іске қоспақ болған сәтінде ұсталды

© tvc.ru

Ирак полицейлері өзін жарып жібермек болған жанкештіні ұстап, денесіндегі жарылғыш затты соңғы секундтарда залалсыздандырды. Оқиға Ирактың Киркук қаласында болған. Полицейлер 13 жастағы жасөспірімнің үстінен жарылғыш затты шешіп алды. Бұл жерде күрдтер жасағы "Ислам мемлекетіне" қарсылық көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды "Российская газета".

Реклама
Реклама

2014 жылы Бағдад қаласының солтүстігінде орналасқан Киркук қаласын лаңкестер басып алған. Ол жерде елдегі ең үлкен мұнай шығатын орындар бар. Жергілікті билік өкілдері соңғы кездері исламшылар лаңкестік әрекеттер ұйымдастырып, бұл қылмысқа жасөспірімдерді пайдаланатынын айтады.

Осыған дейін, исламшылар өз қарамағында жүрген 56 адамды тірідей өртеп жіберген. Киркук қаласында 80-нен аса бейбіт тұрғынды өлім жазасына кескен. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама