28 шілде 2022 11:00

Иракта ереуілге шыққандар парламент ғимаратына басып кірді

Дина Шарипханова Корреспондент
©REUTERS

Ирак астанасы Бағдадта жүздеген ереуілші парламент ғимаратына басып кіріп, саяси және дипломатиялық ғимараттар орналасқан аумаққа өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ирак астанасы Бағдадта жүздеген ереуілші парламент ғимаратына басып кіріп, саяси және дипломатиялық ғимараттар орналасқан аумаққа өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Шерушілер шииттердің ықпалды діни қызметкері Муктада әл-Садрдың жақтастары және олар Мохаммеда әл-Суданидің жақында премьер-министр лауазымына ұсынылуына қарсы екенін көрсетті.

Реклама
Реклама

Басылым мәліметінше, наразылық білдірушілер Бағдадтағы Ирак Өкілдер кеңесінің ғимаратына басып кірген. Ол қаланың "жасыл аймағында" - елшіліктер мен мемлекеттік мекемелер орналасқан ерекше қорғалатын аймақта орналасқан. Ереуілшілер ғимаратқа кірген кезде бірде-бір заң шығарушы болмағаны атап өтілді.

Уақытша премьер-министр Мұстафа әл-Кадими демонстранттарды "тез арада кетуге" шақырды. Сондай-ақ, ол өз мәлімдемесінде қауіпсіздік күштері мемлекеттік мекемелер мен шетелдік өкілдіктерді қорғауды қамтамасыз ететінін, сондай-ақ қауіпсіздік пен тәртіпке кез келген зиянның алдын алатынын ескертті.

©REUTERS

"Екі рәкат (мұсылман намазы – авт.еск.) оқып, аман-есен үйге оралыңдар", – деді ас-Садр.

©REUTERS

Саяси партиялар өткен қазандағы сайлаудан кейін ұлттық көшбасшыны таңдау туралы келісімге келе алмады. 

©REUTERS

Еске салайық, бұған дейін Шри-Ланкада наразылық білдірушілер ел президентінің резиденциясына басып кірген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram