Ирактағы жарылыстан 100 адам қаза тапты

Ирактағы жарылыстан 100 адам қаза тапты © Iraqinews.com

Ирактың  Бани-Саад қаласында болған жарылыстан 100 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Полиция ақпараты бойынша, үш тонна жарылғыш зат автомобильге қойылған. Жарылыс адамдар Рамазан айының аяқталғанын тойлау үшін базар маңына жиналған кезде болды. 

Полицейлердің айтуынша, жарылыс соққысы қатты болғаны соншалық, адамдардың денелерінің бөлшеrnthі үйлердің төбесіне дейін ұшып кеткен. "Кей адамдар балалардың денесінің бөлшектерін жинау үшін жеміс-жидек салатын қораптарды пайдаланды", - деді полиция өкілі Ахмед әл-Тамими. Жарақаттанғандардың саны әзірше белгісіз.

Жарнама
Жарнама

Террорлық актіні ДАИШ ұйымы мойнына алды.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама