25 тамыз 2021 | 13:27

Иран билігі Украина ұшағын ұрлады деген айыптауға жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:mil.gov.ua

Иранның Азаматтық авиация басқармасының баспасөз хатшысы Мохаммед Хасан Зибахш Ауғанстаннан белгісіз біреулер ұрлап кеткен Украина ұшағына қатысты дауға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі FarsNews агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Иранның Азаматтық авиация басқармасының баспасөз хатшысы Мохаммед Хасан Зибахш Ауғанстаннан белгісіз біреулер ұрлап кеткен Украина ұшағына қатысты дауға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі FarsNews агенттігіне сілтеме жасап.

Ол Ауғанстан-Украина рейсі шынымен Иранға қонғанын, бірақ жанармай құю үшін екенін растады. Оның айтуынша, ұшақ Иранның солтүстік-шығысындағы Мешхед әуежайына бағыт алып, сағат 21.50-де Киев әуежайына қонған.

Азаматтық авиация басқармасының өкілі Киев әуежайына ұшақтың қонуына байланысты құжаттар жақын арада жарияланатынын айтты.

Реклама
Реклама

Еске салайық, ұрлық туралы ақпарат Украинаның сыртқы істер министрінің орынбасары Евгений Енин, белгісіз адамдар Украина азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялайтын және Иранға ұшатын украин ұшағын ұрлап кеткенін айтқаннан кейін пайда болды.

Кейінірек украиналық БАҚ әуекемесін елден қашқан бай ауғандар "сатып алды" деп хабарлады. Босқындарды тасымалдау үшін валюта, алтын және асыл тастар төленгені айтылды.

Кейіннен СІМ өкілі Олег Николенко ұшақты басып алу туралы ақпаратты жоққа шығарып, барлық лайнерлер елге оралғанын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная