Иран билігі ереуілдің сәтсіз аяқталғанын мәлімдеді

© kp.ua

Ислам революциясы са?шылары корпусыны? (ИРСК) ?олбасшысы Мохаммад ?ли Джаафари елдегі 2017 жылды? б?лігі ереуілге шы??андар ?шін н?тижесіз ая?тал?анын м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Нововсти ИРСК-ні? а?паратты? порталына сілтеме жасап. 

Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) қолбасшысы Мохаммад Әли Джаафари елдегі 2017 жылдың бүлігі ереуілге шыққандар үшін нәтижесіз аяқталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Нововсти ИРСК-нің ақпараттық порталына сілтеме жасап. 

"2017 жылғы бүліктің сәтсіз болғанын мәлімдеймін. (...) Ереуілге шыққандар саны аз болды және Иран бойынша 15 мың адамнан асқан жоқ", - дейді Джаафари. 

Сонымен қатар, қолбасшы Вашингтон, Тель-Авив пен Эр-Риядты ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) лаңкестеріне Иран аумағына кіруге бұйрық берді деп айыптады. 

Реклама
Реклама

БАҚ мәліметі бойынша, ереуіл салдарынан Тегеранда 450-ге жуық адам ұсталып, 20 шақты адам мерт болған. 

Еске салайық, Иранның Тегеран, Мешхед, Исфахан мен Решт сияқты ірі қалаларында 28 желтоқсаннан бастап әлеуметтік жаппай ереуілдер басталған. Иран президенті Хасан Роухани ереуіл ел ішіндегі қиындықтар мен сыртқы күштердің арандатуынан болды деп мәлімдеген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама