ПОДЕЛИТЬСЯ
18 наурыз 2020 | 16:50
Иран генерал Сүлейманидің өлімі үшін АҚШ-тан кек алуға уәде берді
Тегеран генерал Касем Сулейманидің өлімі үшін Вашингтонға тағы жауап қайтаратынын айтты. Бұл туралы Иран президенті Хасан Роухани мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап,

"Америкалықтар ұлы генералымызды өлтірді. Мұны біз жауапсыз қалдырған жоқпыз. Оны ешқашан жауапсыз қалдырмаймыз", - деді президент IRINN телеарнасында жасаған мәлімдемесінде.
Оның айтуынша, АҚШ Ирактағы Иран базасына шабуыл жасағанын ешқашан ұмытпайды. Президенттің пікірінше, Иран Америка Құрама Штаттарының асығыс жасаған қателігіне алғаш рет жауап қайтарған.
"Олар халқымыздың қарсылығын баса аламыз деп ойлады. Олар біздің көтеріліс басшымызды өлтірді. Бірақ керісінше болды. Қарсылық күшейді", - деді Касем Сулеймани.
Айта кетейік, 2020 жылдың 3 қаңтарында АҚШ арнайы операция барысында Бағдат қаласында генерал Сулейманидің көзін жойды. Оған жауап ретінде Иран Ирақтағы АҚШ әскери базасына шабуыл жасады.
Показать комментарии
Читайте также