Иран генералы АҚШ-пен соғыс қайта басталуы мүмкін екенін айтты

Иран генералы АҚШ-пен соғыс қайта басталуы мүмкін екенін айтты abdimedia.net

Иран қарулы күштерінің "Хатам әл-Анбия" жауынгерлік операцияларды басқару орталығы қолбасшысының орынбасары Джафар Эсади Иран мен АҚШ арасында соғыс қайта басталуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" басылымына сілтеме жасап.

Иран қарулы күштерінің "Хатам әл-Анбия" жауынгерлік операцияларды басқару орталығы қолбасшысының орынбасары Джафар Эсади Иран мен АҚШ арасында соғыс қайта басталуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" басылымына сілтеме жасап.

Бригадалық генерал елдің қарулы күштері толық жауынгерлік әзірлікте екенін және кез келген әскери қауіпке төтеп бере алатынын атап өтті. Сонымен қатар, Эсади АҚШ-тың аймақтағы белсенділігіне тоқталды.

"Иран мен Америка Құрама Штаттары арасында жаңа қақтығыстың туындау ықтималдығы бар, ал деректер АҚШ-тың ешқандай уәде немесе келісімді сақтамайтынын көрсетеді", - деп келтіреді ирандық жоғары лауазымды әскери қолбасшының сөзін Fars агенттігі.

Жарнама
Жарнама

Оның айтуынша, америкалық ресми тұлғалардың мәлімдемелері мен іс-әрекеттері негізінен "медиялық сипатқа" ие және бірінші кезекте мұнай бағасының ауытқуын болдырмауға, екіншіден, өздері жасаған тығырықтан шығуға бағытталған.

Күні кеше АҚШ президенті Дональд Трамп Конгреске жолдауында 28 ақпанда басталған Иранға қарсы соғыс қимылдарының аяқталғанын мәлімдеді. Бұл ретте ол америкалық контингент Тегеран тарапынан төнетін ықтимал қауіптердің алдын алу үшін аймақта қала беретінін нақтылады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама