Иран Израильге қарсы зымыран соққыларының жаңа легін бастады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: jpost.com

Израильдің орталығында дабыл сиреналары естілді, шамамен 35 адам жарақат алған. Петах-Тиква және Тель-Авив қалалаларындағы көп қабатты ғимараттарға зымыран соққысы жасалғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Jerusalem Post-қа сілтеме жасап.

Израильдің орталығында дабыл сиреналары естілді, шамамен 35 адам жарақат алған. Петах-Тиква және Тель-Авив қалалаларындағы көп қабатты ғимараттарға зымыран соққысы жасалғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Jerusalem Post-қа сілтеме жасап.

Иран Израильге қарата тағы бір зымыран соққысын жасады, салдарынан дүйсенбіде таңертең бүкіл ел бойынша дабыл сиреналары қосылды. Жарақат алған 35 адам Израильдің орталық бөлігіндегі үш түрлі ауданда медициналық көмек алған.

Петах-Тиква муниципалитеті қаладағы ғимаратқа зымыран тигенін мәлімдеді. Полиция Тель-Авивте де соққы тиген екі нысан барын айтты.

Реклама
Реклама

Израиль қорғаныс армиясының тыл қолбасшылығы зымыран соққысы туралы төрт хабарлама алғанын жеткізді. Командалар жараланған және эвакуацияланған 12 адамға медициналық көмек көрсеткен. Екеуінің жағдайы орташа ауыр.

KAN агенттігі мәліметінше, Хайфадағы зымыран шабуылдары салдарынан да бірнеше адам зардап шеккен. Йемендегі хуситтер ирандықтармен бір уақытта зымыран атқылаған.

Айта кетейік, бұған дейін ирандық БАҚ Тель-Авив, Ашкелон және Хайфа секілді үш қалада баллистикалық снарядтар жарылғанын хабарлады. Бұл ирандық соққылардың алғашқы легі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама