Иран мен АҚШ бір-біріне соққы жасады: америкалықтар бұл “жаңа соғыс емес“ деп мәлімдеді

Иран мен АҚШ бір-біріне соққы жасады: америкалықтар бұл “жаңа соғыс емес“ деп мәлімдеді Фото:depositphotos.com

Иран қарулы күштері ирандық танкерге шабуыл жасаған америкалық әскерлерге зымыранмен соққы жасады. Бұл туралы Х платформасында Ислам революциясы күзеті корпусының (ИРКК) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Иран қарулы күштері ирандық танкерге шабуыл жасаған америкалық әскерлерге зымыранмен соққы жасады. Бұл туралы Х платформасында Ислам революциясы күзеті корпусының (ИРКК) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

Еске сала кетейік, Иран мен АҚШ арасында атысты тоқтату режимі қолданыста.

"Атысты тоқтату режимі бұзылып, америкалық террорлық армия Джаск порты ауданында ирандық мұнай танкеріне агрессия жасағаннан кейін, сондай-ақ америкалық эсминецтер Ормуз бұғазына жақындаған соң, түрлі кемеге қарсы баллистикалық және қанатты зымырандарды, сондай-ақ фугастық оқтұмсықтары бар жойғыш дрондарды қолдана отырып жүргізілген ауқымды әрі дәл қиыстырылған операция барысында олар жаудың эсминецтеріне оқ жаудырды", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Fox News телеарнасы жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасай отырып, АҚШ қарулы күштері Парсы шығанағындағы Бендер-Аббастағы ирандық Кешм портына соққы жасағанын және бұл "жаңа соғыстың басталуы туралы белгі емес", сондай-ақ бітімгершілікті бұзу еместігін хабарлады.

Бұған дейін АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Оман шығанағы ауданында америкалық күштердің Иран туы астындағы танкерге жасаған шабуылы туралы хабарлаған болатын. АҚШ әскери қолбасшылығы мәлімдемесінше, кемеге блокаданы бұзғаннан кейін шабуыл жасалған.

Бұған дейін БАҚ АҚШ пен Иранның соғыс қимылдарын тоқтату туралы қысқа мерзімді келісім жасасу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама