Иран миллиардері өлім жазасына кесілді

© Irna.ir

Иранны? Жо?ар?ы соты миллиардер Бабак Занджаниге белгіленген ?лім жазасыны? за?дылы?ын растады. Б?л туралы сот т?ра?асы баспас?з конференциясында айтты, - деп хабарлайды IRNA.

Иранның Жоғарғы соты миллиардер Бабак Занджаниге белгіленген өлім жазасының заңдылығын растады. Бұл туралы сот төрағасы баспасөз конференциясында айтты, - деп хабарлайды IRNA.

Сот төрағасы миллиардердің өлім жазасы орындалатынын растады. Бірақ өлім жазасының қашан орындалатыны айтылмайды.

Еске сала кетейік, Sorinet Grou корпорациясының басшысы 2013 жылдың соңында ұсталған болатын. Ол 14 миллиард доллар жымқырған делінеді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Иранның Ұлттық мұнай компаниясы оған екі миллиард долларға мұнай сатуды тапсырғаны айтылады. Алайда миллиардер ол ақшаны жаратып қойған делінеді. Осылайша 2016 жылдың наурыз айында соттың шешімімен Бабак Занджани өлім жазасына кесілген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама