ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қазан 2022 | 08:35
Иран президенті елдегі көтерілістерге АҚШ-ты айыптады
Иран президенті Ибрахим Раиси АҚШ пен Джо Байденді елдегі жаппай көтерілістерге кінәлі деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі IRNA агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Иран президенті Ибрахим Раиси АҚШ пен Джо Байденді елдегі жаппай көтерілістерге кінәлі деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі IRNA агенттігіне сілтеме жасап.
Ол Америка президенті өз мәлімдемелерімен Иранда террор, хаос және ойран салып жатқанын айтты.
"АҚШ Ирандағы оң жаңалықтарға ашуланып, туындаған мәселелерге қуанады. Елдегі вандализм, кісі өлтіру және тәртіпсіздіктерді АҚШ-тың ісі екенін аңғаруға болады. Себебі, Палестинадағы режим, Ауғанстандағы жиырма жылдық агрессия мен соғыс өрті олардың әрекеттерінің мысалы", - деді Раиси.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также