26 қыркүйек 2022 | 09:17

Иран президенті елдегі наразылықтарға қатаң жауап берілетінін мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: twitter.com/aizawaima

Иран Махси Аминидің өлімінен кейін елді дүр сілкіндірген наразылықтарға қатаң жауап беруі керек. Бұл туралы ел президенті Ибрахим Раиси айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Иран Махси Аминидің өлімінен кейін елді дүр сілкіндірген наразылықтарға қатаң жауап беруі керек. Бұл туралы ел президенті Ибрахим Раиси айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta басылымына сілтеме жасап.

Reuters агенттігі мәліметінше, Иран басшысы наразылық және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бұзудың аражігін ажырату қажеттігін атап көрсеткен. Ол елде болып жатқан оқиғаларды тәртіпсіздік деп атады. Осыған байланысты ол "елдің қауіпсіздігі мен тыныштығына қарсылармен күресуге" уәде берді.

Еске салайық, 22 жастағы қыздың өліміне қатысты наразылық шерулері жерлеу күні – 16 қыркүйекте басталып, ел астанасы Тегеранды қоса алғанда, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен қақтығыстарға ұласты.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде, Иран полициясы Аминидің өліміне қатысы барын жоққа шығарып, қыздың полиция бөлімінде кенеттен есінен танып қалғанын және физикалық зорлық көрмегенін көрсететін бейнебақылау камераларына түсірілген кадрларды жариялады. Алайда Аминидің ата-анасы қызының денсаулығында ешқандай проблема болмағанын айтқан. Бұл оқиға қоғамда үлкен жанжал тудырды. Иран президенті Эбрахим Раиси Махса Аминидің өлімінің себептерін шұғыл түрде ресми тергеуді тапсырды. Бірақ елдегі наразылықтар әлі басылмай тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная