ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қазан 2018 | 11:41
Иран Сирияға зымыранмен соққы жасады
Иран әскері Сириядағы Евфрат өзенінің шығыс жағалауындағы Ахваз террорлық әрекетінің ұйымдастырушылары мен нысандарына зымыранмен соққы жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, зымыранды Ислам революциясы сақшылар корпусы ғарыштық-әуе дивизиясы жіберген, нәтижесінде лаңкестердің көзі жойылды, зардап шеккендер бар.
Иранның Ахваз қаласындағы террорлық әрекет қыркүйектің аяғында әскери шеру кезінде болған. Соңғы ақпараттар бойынша, қаза тапқандардың саны 20 адамнан асқан және 60-тан астамы жарақат алған. IRNA агенттігінің мәліметінше, Сауд Арабиясымен байланысы бар "Ахваздағы патриоттық араб демократиялық қозғалысы" тобы мойнына алды.
Показать комментарии
Читайте также