05 мамыр 2020 | 17:32

Иран валютасының атауы өзгереді

©REUTERS

Иранның заң шығарушы органдары ұлттық валюталарының атын өзгерту және деноминациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Билік өкілдері валюта атауын риалдан томанға (тұман) ауыстырмақ, - деп хабарлайды Xinhua.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Иранның заң шығарушы органдары ұлттық валюталарының атын өзгерту және деноминациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Билік өкілдері валюта атауын риалдан томанға (тұман) ауыстырмақ, - деп хабарлайды Xinhua.

Портал мәліметінше, 10 000 риал бір томға, ал әрбір томан 100 парсехқа (жаңа валютаның қосымша ақшалай бірлігі) тең болады.

Реклама
Реклама

Валютаның ауысуы біртіндеп жүзеге асады. Өтпелі кезең екі жылға созылады. Осы уақыт аралығында үкімет ескі монеталар мен ақшаларды айналымнан алып, оларды жаңасымен ауыстырады.

Мұның алдында риал бағамы АҚШ-тың санкцияларына байланысты үздіксіз құлдырап отырған. Енді валюта транзакцияны жеңілдетіп, банкноттар мен монеталарды басып шығару құнын төмендету, сондай-ақ, ақша жүйесінің тиімділігін арттыру үшін өзгертіледі.

Айта кетейік, Иранның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың "Парсы шығанағындағы әскерінің төндіріп отырған қаупі" үшін наразылық білдіргені хабарланған болтын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная