08 қаңтар 2020 | 13:15

Иранда әуе апатынан 7 елдің азаматтары қаза тапқан

Иранда апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың бортында 7 елдің азаматтары болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украина 24/7" басылымының Telegram-каналына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Иранда апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың бортында 7 елдің азаматтары болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украина 24/7" басылымының Telegram-каналына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, апатақа ұшыраған ұшақ бортында Канаданың 73 азаматы және Иранның 71 азаматы болған. Тағы екі жолаушы мен экипаждың 13 мүшесі украиндықтар болған. Қалған адамдар Германия, Ұлыбритания, Швеция және Ауғанстаннан болған. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, мұның алдында Иранда 180 жолаушысы бар украиналық ұшақтың құлағаны хабарланған болатын. Лайнердің "техникалық ақауға" байланысты Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшырағаны айтылады. Әуежай басшысы әуе апатын растады. Ол ұшақтың әуежайдан ұшып шыққан бойда апатқа ұшырағанын мәлімдеді.

"Әл-Жазира" телеарнасының мәліметінше, "Украинаның халықаралық әуе жолдары" компаниясына тиесілі PS 752 рейсі Тегеран уақыты бойынша 5:15 ұшуы тиіс болған, алайда бортты бір сағатқа кідірген. Ұшақ 6:12-де ұшқан. 

Сыртқы істер министрлігі осы бортта қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная