15 қараша 2021 | 09:49

Иранда екі зілзала болды: 30-ға жуық адам зардап шеккені хабарланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Иранның оңтүстігінде бір күнде екі жер сілкінісі болып, екі адам қаза тауып, 27-ден астамы жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mehr агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Иранның оңтүстігінде бір күнде екі жер сілкінісі болып, екі адам қаза тауып, 27-ден астамы жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mehr агенттігіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісі Бандар-Аббас портына жақын Хормозган провинциясында болды.

Тегеран университетінің геофизика институты жанындағы Иранның сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, магнитудасы 6,3 балдық бірінші жер сілкінісі 18 шақырым тереңдікте, ал екіншісі 6,4 баллдық 10 шақырым тереңдікте болған. 

Реклама
Реклама

Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісінен екі адам қаза тауып, бір уақытта кемінде 27 адам жарақат алған. Электр қуатының үзілуі және телекоммуникация жүйесіндегі ақаулар туралы хабарланды.

Зілзаладан зардап шеккен аймақтарға құтқару топтары жөнелтілді.

Жер сілкінісі Хормозган провинциясының солтүстігінде орналасқан көршілес Керман және Фарс провинцияларында,  Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясында да сезілді.

Бұған дейін Индонезияның шығыс бөлігіндегі Банда теңізінде магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная