Иранда интернет қалпына келтіріледі

Иранда интернет қалпына келтіріледі Фото:depositphotos.com

Иран президенті Масуд Пезешкиан елдегі интернетті қалпына келтіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ирандық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Иран президенті Масуд Пезешкиан елдегі интернетті қалпына келтіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ирандық БАҚ-қа сілтеме жасап.

БАҚ-тың нақтылауы бойынша, сөз 2025 жылдың аяғы мен 2026 жылдың басындағы наразылықтарға байланысты енгізілген шектеулер туралы болып отыр. Пезешкиан тиісті жарлықты Иранның Байланыс министрлігіне жолдап қойғаны хабарланды. Сонымен қатар, бұл ақпаратты Иран үкіметінің ақпарат мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Әли Ахмадния растады.

"Үкіметтің барлық өкілі интернетті дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін қалпына келтіру үшін дауыс берді", - деп жазды Ахмадния X әлеуметтік желісінде.

Жарнама
Жарнама

Мәліметтер бойынша, Иран президентінің қаулысы 26 мамырда орындалады.

Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсанның ағында Иранда наразылықтар басталды. Бұған ұлттық валюта бағамының күрт төмендеуі себеп болды. Кейіннен олар тәртіпсіздіктер мен билікке қарсы акцияларға ұласты. Елде интернет өшірілді.

Қаңтардың ортасында билік жағдай тұрақталғанын мәлімдеген соң, интернет біртіндеп қалпына келтіріле бастады. Алайда 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылынан кейін халықаралық желіге қолжетімділік қайта шектелді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама