25 ақпан 2020 18:03

Иранда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт ұлғайған

© REUTERS

Иранда коронавирустың жаңа түрі COVID-2019 вирусын жұқтырғандардың саны 95-ке жетті, оның 15-і өліммен аяқталған, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранда коронавирустың жаңа түрі COVID-2019 вирусын жұқтырғандардың саны 95-ке жетті, оның 15-і өліммен аяқталған, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бүгінде коронавирусты 95 адам жұқтырып, оның 15-і қайтыс болды", - деп мәлімдеді Иранның денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур. 

Реклама
Реклама

Осылайша, дүйсенбіден бері вирусты жұқтырғандардың саны 34-ке артып, тағы үш адам қайтыс болған. Бұған дейін күндіз Иранның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты жұқтырғандардың саны 61, ал 12 адам қайтыс болғанын айтқан. 

Жергілікті билік өкілдері вирустың ошағы Кум қаласы екенін анықтаған. Сонымен қатар, 19-21 жас аралығындағы Иранның төрт азаматы Әзербайжан астанасы Бакуде коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханада жатыр. 

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Ухандағы белгісіз пневмонияның белең алуы туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді - COVID-19.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram