ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 шілде 2019 17:56
Иранда қуатты жер сілкінісі болды
Иранда күші 5,7 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды 24.kz.
Ақпаратқа сәйкес, табиғи апат Хузестан провинциясындағы Масджед-Солейман қаласынан 28 шақырым жерде өтіп, кіндігі 10 шақырым тереңдікте болған.
Жер сілкінісінің дүмпуін сезінген 39 тұрғын бұл туралы билікке хабарлады. Сейсмологиялық оқиғадан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу