ПОДЕЛИТЬСЯ
19 маусым 2021 | 16:30
Иранда сайлау жәшіктері салынған тікұшақ құлады
Президенттік және муниципалды сайлаудан кейін сайлау жәшіктерін тасымалдауға шыққан тікұшақ Иранның оңтүстік-батысында құлап, бір адам қаза болды, 11 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

"Осы оқиғаның салдарынан жолаушылардың бірі қаза болды, ол құқық қорғау органдарының қызметкері болған, жәшіктерді күзеткен, тағы 11 адам жарақат алды", - деді оқиға болған Хузестан провинциясының губернаторы Касем Сулеймани Даштаки.
Жұмада Иранда президент сайлауы өтті. Дауыс беру бастапқыда түн ортасына дейін жоспарланған болатын, бірақ билік сенбі, түнгі 2.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 03.30) рұқсат берді. Алдын ала ресми мәліметтер бойынша, президенттік сайлауда Иранның сот билігінің басшысы Ибрахим Раиси көш бастап келеді, ол қазіргі уақытта 62 пайыздан астам дауыс жинады - 28,6 миллионның 17,8 миллионы. Раисидің барлық бәсекелесі оның сайлаудағы жеңісін мойындады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также