12 қаңтар 2020 11:25

Иранда үкіметке қарсы наразылық шаралары болып жатыр

Камила Долаева Журналист
© Twitter

11 қаңтарда кешке, Тегеранда украиналық Boeing 737-800 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты үкіметке қарсы акциялар басталды, - деп хабарлайды "Настоящее время".

ПОДЕЛИТЬСЯ

11 қаңтарда кешке, Тегеранда украиналық Boeing 737-800 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты үкіметке қарсы акциялар басталды, - деп хабарлайды "Настоящее время".

Наразылық шаралары Ислам революцисының қорғаушы корпусы (КСИР) жолаушылар лайнеріне оқ жаудырғаны үшін жауапкершілікті толық өзіне алған соң басталды. Жүздеген адам, негізінен студенттер, Тегерандағы бірнеше университет ғимаратының алдында апат салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін жиналды.

Реклама
Реклама

Олар ұшақтың апатқа ұшырауына кінәлілерді жазалауды және қызметінен босатуды талап етті. Кейін наразылық білдірушілер Ислам революциясы корпусы мен Иранның рухани көшбасшысы Али Хаменеиді сынап, ұрандата бастады.

Куәгерлердің айтуына қарағанда, жиналғандар "Өтірікшілер, өтірікшілер!", "Ислам революциясының қорғаушылары, елімізге тыныштық бер, масқара сендерге!" және "Диктатор кетсін!" деп ұрандатқан.

#BreakingNews:
Today protestors at Sharif University in Tehran,Iran are chanting:”Don’t be afraid!Don’t be afraid!We are all together”,to encourage each other to stand up against the brutal regime of #Iran, that killed 1500 of protesters in just 4days two months ago!#IranProtest pic.twitter.com/ctL1RfT5Hs

— ???????? Homa (Pardis) ???????????????????? (@Homa_Pardis) January 11, 2020

Fars агенттігінің ақпараты бойынша, акция қатысушылары барлығының көзінше қаңтар айының басында америкалықтардың соққысынан қаза тапқан генерал Касем Сулейманидің портретін жыртқан. Полиция жаппай тәртіпсіздікті тоқтату үшін көзді жасаурататын газ бен жарық-шу гранаталарын қолданған.

Алаңға шыққандарды елдің күш құрылымдары мотоциклмен қоршап алды, кей блогерлер әлеуметтік желілерде полициямен қақтығыс болғанын да хабарлап жатыр.

БАҚ пен әлеуметтік желі қолдаланушылар оқиға болған жерден фото және видео жариялап жатыр. 

Сондай-ақ, Ирандағы Ұлыбритания елшісі Роберт Макэйрді ирандық күштер Амір Кабир атындағы университет алдында ұстағаны белгілі болды. Елдің Tasnim агенттігінің мәліметі бойынша, дипломат демонстранттарды "радикалды іс-әрекеттерге" арандатқан.

Елші бірнеше сағат қамауда болып, кейін босатылды. Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі елшінің "қандай да бір негізсіз немесе түсіндірмесіз" ұсталуы "халықаралық құқықты бұзу" деп атады.


Роберт Макэйр

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында наразылық білдірушілерді қолдады.

"Бұрыннан бері зардап шегіп келе жатқан, бірақ батыл ирандықтарға: Мен президент болғалы сіздермен біргемін, менің әкімшілігім де сізбен бірге тұр. Біз наразылық шараларын өте мұқият қадағалаймыз және батыл әрекеттеріңізден шабыттанамыз", - деп жазды Трамп Иранның ресми тілінде.

دولت ایران باید به گروه‌های حقوق بشر اجازه بدهد حقیقت کنونی اعتراضات در جریان مردم ایران را نظارت کرده و گزارش بدهند. نباید شاهد کشتار دوباره ی معترضان مسالمت آمیز و یا قطع اینترنت باشیم. جهان نظاره گر این اتفاقات است.

— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) January 11, 2020

АҚШ президентінің пікірінше, Иран билігі "құқық қорғау топтарына елдегі наразылық орындарынан оқиғаны қадағалауға және хабарлауға" мүмкіндік беруі тиіс. "Бейбіт демонстранттарға қарсы шаралар да, интернет өшіру де болмауы керек. Әлем бақылап отыр", - деп жазды ол кейінірек.


© РИА Новости

Еске салсақ, 8 қаңтарда Иранда қайғылы оқиға болды: Тегеран әуежайына жақын маңда украиналық ұшақ құлады. Төтенше жағдай салдарынан 167 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі қаза тапты. Ұшақ бортында Ауғанстан, Германия, Иран, Канада, Украина, Ұлыбритания және Швеция азаматтары болған. 

Кейін Иран украиналық ұшақты байқаусызда құлатқанын мойындады

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram