19 шілде 2022 | 09:08

Иранда үйлену тойында қалыңдық оқ тиіп қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Daily Mail.

Иранда үйлену тойындағы дәстүрлі атыс қайғылы оқиғамен аяқталды. Қаңғыған оқ  24 жастағы қалыңдықтың басына тиіп, тағы екі қонақ жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Иранда үйлену тойындағы дәстүрлі атыс қайғылы оқиғамен аяқталды. Қаңғыған оқ  24 жастағы қалыңдықтың басына тиіп, тағы екі қонақ жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, күйеу жігіттің туысқан ағасы аңшы мылтығынан оқ атқан. Оқиғадан кейін ол қашып кеткен. Полицейлер ер адамның қаруға лицензиясы жоқ екенін және оны қалай ұстау керек екенін білмейтінін анықтаған.

Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірген. Ұсталған кезде қалыңдықты өлтірген қару оның жанында болған.

Реклама
Реклама

Марқұм қыздың отбасы қызының ағзалары үш адамға донор ретінде берілгенін айтқан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная