27 қаңтар 2023 14:55

Ирандағы Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылдың видеосы жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Видео кадры

Әлеуметтік желіде Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне жасалған шабуылдың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне жасалған шабуылдың видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан ғимаратқа екі адам кіргенін көруге болады. Металл іздегіштен өткен соң олардың бірі бұрылып сыртқы есікті ашады да, қайта ішке жүгіріп кіреді.

Артынан қарулы ер адам кіріп, бірден оқ жаудырады. Шабуыл кезінде адамдар қашып, тығылып жатқаны көрінеді.

Реклама
Реклама

Шабуылшы бөлмелердің біріне жақындаған кезде қарсы есіктен күзетші жүгіріп шығып, оны тоқтатпақ болады. Бірақ ер адам оқ атуын жалғастырады.

Еске салайық, шабуыл 27 қаңтарда Баку уақыты бойынша таңғы сағат 8:30 шамасында болған. Шабуылшы Калашников автоматынан оқ жаудырып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты. Елшіліктің екі күзетшісі де жараланған. Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram