ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2020 | 09:29
Ирандағы ұшақ апаты: Пилот пен диспетчердің әңгімесі жарияланды
Иранның "Асеман Эйрлайнз" әуекомпаниясы ұшағының пилоты 8 қаңтарда Тегеранда болған әуе апатын өз көзімен көрген. ТСН басылымы пилот пен диспетчердің әңгімесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Иранның "Асеман Эйрлайнз" әуекомпаниясы ұшағының пилоты 8 қаңтарда Тегеранда болған әуе апатын өз көзімен көрген. ТСН басылымы пилот пен диспетчердің әңгімесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басылымның мәліметінше, бұл жазба ирандықтардың зымыраны ұшырылғанын, оның украиналық ұшақты құлатқан сәтін көргенін дәлелдейді.
Еске салайық, "Международные авиалинии Украины" компаниясына тиесілі Boеing 737 лайнері 8 қаңтарда сағат 6.20-да ұшып шыққан болатын. Сол сәтте Иранның "Асеман Эйрлайнз" компаниясына тиесілі ұшақ Шираз - Тегеран рейсі бойынша ұшып келген. Осы кезде, басылымның мәліметінше, шамамен 3 минут ішінде Иран әуекомпаниясына тиесілі ұшақтың пилоты ұшырылған зымыранды көрген.
Жарияланған жазба (05 минут 12 секунд):
Диспетчер: Қайырлы таң, "Международные авиалинии Украины" 752, сіздің ұшу биіктігіңіз - 260, 6 000 футқа оңға қарай бұрылыңыз.
Диспетчер: - 6 000 футтан соң Парокқа бағыт алыңыз.
EP3768 пилоты: - Қазір сол жақ бағыттан қонамыз, 3768.
Диспетчер: - Қайырлы таң, 3768.
Диспетчер: - "Асеман" 3768 (анық емес),
EP3768 пилоты: - Борт 3768, байланыста.
EP3768 пилоты: - Қазір сол жақ бағыттан қонамыз, 3768.
EP3768 пилоты: - Жоқ, сэр?
EP3768 пилоты: - 320 аумағы, қонуға бола ма?
Диспетчер: - GPS.
EP3768 пилоты: - Ол жақта бірдеңе жарқылдап жатқан сияқты, зымыранға ұқсас. Онда не болуы мүмкін?
Диспетчер: - 320 аумағы? Қандай қашықта? Қай жерде?
EP3768 пилоты: - Нақты айта алмаймын. Бірақ, меніңше, Пайам аэродромы жақта, Карадж қаласы.
Диспетчер: - Қанша қашықта? Қай жерде?
EP3768 пилоты: - Қазір жарық көріп тұрмын, қай жақтан ұшып келе жатқанын көріп тұрмын.
Диспетчер: - Бұл туралы бізге хабарлаған жоқ.
Диспетчер: - Қандай жарық? Неге ұқсайды?
EP3768 пилоты: - Бұл зымыран емес.
Диспетчер: - Ол Тегеран қаласына ұшып бара жатқан жоқ қой, иә?
EP3768 пилоты: - Мүмкін... Жоқ, жоқ, сол жақтан ұшып келді.
Диспетчер: - Бізге ешкім хабарлаған жоқ, бірақ әрі қарай бақылай беріңдер.
EP3768 пилоты: - Жақсы. Қонайын деп жатырмын.
Диспетчер: -"Украинаның халықаралық әуе жолдары" 752, прием.
Диспетчер: - "Украинаның халықаралық әуе жолдары" 752, прием!
Диспетчер: - "Украинаның халықаралық әуе жолдары" 752, қалай естіліп тұр?
(осы сұрақ бірнеше рет қойылады 02:27-ден 04:25-ке дейін, бірақ жауапсыз)
Диспетчер: - "Асеман" 3768, 9000 (анық емес), қонуға.
Диспетчер: - "Асеман" 3768, жоғарыда басқа ештеңе көріп тұрған жоқсыздар ма?
EP3768 пилоты: - Инженер мырза, біз жарылыс болғанын көрдік, бірақ нақты не болғанын түсінбей тұрмыз.
Диспетчер: - Біз де нақты білмейміз...
EP3768 пилоты: - Біз жақта барлығы дұрыс па?
Диспетчер: - Иә, бәрі дұрыс, қандай да бір проблемалар болады деп ойламаймын.
Ирандағы ұшақ апаты: Украина елшілігі лаңкестік нұсқасын жоққа шығарды
Еске салайық, мұның алдында Иранда 180 жолаушысы бар украиналық ұшақтың құлағаны хабарланған болатын. Лайнердің "техникалық ақауға" байланысты Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшырағаны айтылады. Әуежай басшысы әуе апатын растады. Ол ұшақтың әуежайдан ұшып шыққан бойда апатқа ұшырағанын мәлімдеді.
Показать комментарии
Читайте также