13 қыркүйек 2021 09:39

Иркутскіде L-410 ұшағы құлады, қаза болғандар бар

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: ria.ru

Ресейдің Иркутск облысында  екімоторлы жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонған. Бортта 14 жолаушы және екі экипаж мүшесі болған. Үш жолаушы мен бір ұшқыш қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Иркутск облысында  екімоторлы жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонған. Бортта 14 жолаушы және екі экипаж мүшесі болған. Үш жолаушы мен бір ұшқыш қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша ұшақ тайгада апатқа ұшыраған, апат кезінде төрт адам қаза болып, бесеуі жарақат алған. Әуе кемесі өзенге құлап, өртеніп кеткен.

Реклама
Реклама

Бұл туралы ТЖМ-де расталды. Олар апат Иркутск облысының Казачинск-Ленский ауданында Казачинское ауылынан төрт шақырым жерде болғанын айтты.

Baza Telegram арнасының хабарлауынша, бір жолаушы ұшақтың құлағаны туралы 112-ге хабарлап үлгерген, бірақ кейінірек онымен байланыс үзілген.

Төтенше жағдай қызметі тұман кезінде жерге қонған сәтте ұшқыш қате жіберген немесе қозғалтқыш істен шығуы мүмкін деген болжам айтқан. Ресейдің төтенше жағдай қызметінде 2021 жылдан бері онға жуық ұшақтың апатты жағдайда қонғаны тіркелген.

Let L 410 Turbolet - жергілікті әуе желісіне арналған көп мақсатта пайдаланылатын екімоторлы ұшақ. Чехияның Let Kunovice (қазіргі атауы - Aircraft Industries) зауытында жасалып шыққан. 1500 шақырымға дейін 19 жолаушыны немесе 1800 келі жүк тасуға шамасы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram