Ішкі Моңғолияның бұрынғы полиция басшысы өлім жазасына кесілді

© AP Photo / Mark Schiefelbein

?ытайды? жо?ар?ы халы?ты? соты Ішкі Мо??олия автономды? ауданнны? полиция басшысы, б?рын?ы саяси ке?есші Чжао Липинді ?лім жазасына кесті. М?ны? алдында ол жем?орлы? пен адам ?лтірді деп айыптал?ан, - деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Қытайдың жоғарғы халықтық соты Ішкі Моңғолия автономдық ауданнның полиция басшысы, бұрынғы саяси кеңесші Чжао Липинді өлім жазасына кесті. Мұның алдында ол жемқорлық пен адам өлтірді деп айыпталған, - деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

ҚХР-дің халықтық жоғарғы прокуратурасы биыл ақпан басында Чжао Липинді адам өлтірді және оқ-дәріні заңсыз сақтады деп айыптаған. Тергеу мәліметі бойынша, бұрынғы шенеунік 2015 жылдың наурызында Чифэн қаласында адамды атып тастаған. Сол жылы ол партия қатарынан шығарылған болатын. 

Липинді өлім жазасына кесу үкімін Шаньси аймағындағы Тайюань қаласының соты шығарған. Сот кезінде шенеуніктің 2008 және 2010 жылдар аралығында 23,7 миллион юань (3,5 миллион доллардай) пара алғаны анықталды. 

Реклама
Реклама

Чжао Липин полициядағы қызметімен қоса Ішкі Моңғолиядағы Қытайдың халықтық саяси кеңесі бөлімінің төрағасы болған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама