ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 ақпан 2016 22:34
Ислам Кәрімов бір жынысты некелерді батыс мәдениетінің жиіркенішті құбылысы деп атады
Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов біржынысты некелерді батыс мәдениетінің жиіркенішті құбылысы деп атады. Бұл туралы ол Ташкент облысының Халық депутаттары кеңесінің сессиясында мәлімдеді, - деп хабарлайды rus.ozodlik.org.
"Ер адам ер адаммен өмір сүрсе немесе әйел әйелмен өмір сүрсе, меніңше, олардың сол жерінде бірдеңе дұрыс емес немесе бір өзгеріс болған", - деп келтіреді басылым Кәрімовтің сөзін.
Басылымның мәліметінше, гомосексуализмге немесе бір жынысты қарым-қатынасқа Өзбекстанда қылмыстық жаза қарастырылған, ал сексуалдық азшылық өкілдері өзбек қоғамында "үздіксіз қоғамдық қысымға" ұшырайды делінеді.
"Соңғы жылдары Интернетте Өзбекстанда гейлер мен трансвеститтерді ұрып-соғу әрекеті бейнеленген видеолар көптеп жарияланды. Өткен аптада Telegram мессенджерінде өзбек миллиционерлерінің әйелдің іш киімін киіп алған жас трансвестит пен оның серіктерін ұрып-соғып жатқаны көрсетілген видеоролик пайда болған еді", - делінген мақалада.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу